Адам экологиясының қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдары

07.04.2023

2023 жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында «Адам экологиясының қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты мен міндеттері студенттердің экологиялық ойлауын дамыту, оларды іздестіру – зерттеу қызметіне тарту, практикалық маңызы бар міндеттерді шешуге баулу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен педагогтері арасында тәжірибе алмасу және шығармашылық байланыстар орнату болып табылады. Конференцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 78 студенті қатысты: «Шадринский политехникалық колледжі» МБКББМ, «Каменск - Уральск агроөнеркәсіптік техникумы» МДКББМ, Алматы облысының Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі, Көкшетау қаласының жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК, «Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚ, «Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕБМ, «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК, «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК, «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл-шаруашылығы колледжі» КМҚК,

«Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ, «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ, «Тайынша агробизнес колледжі» КММ, «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» КММ. Конференцияға қатысушылардың жұмысын сарапшылар бағалады: СҚО бойынша экология департаментінің бас маманы Т.Ж.Жүнісова; “Жастар СӨС үшін" ЖҚБ төрағасының орынбасары Е.И.Огаркова; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің химия және химиялық технология кафедрасының қос дипломды және халықаралық бағдарламаларының "Жалпы химия" оқытушысы Малдыбаева Д.Н., колледждердің жаратылыстану - математика пәндерінің оқытушылары. Конференция аралас форматта (онлайн, офлайн және сырттай) келесі бағыттар бойынша өткізілді:

- Салауатты өмір салтының денсаулықты сақтауға және нығайтуға әсері.

- Физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері.

- Химиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.

- Климаттық-географиялық факторлардың халықтың денсаулығына әсері.

- Қазіргі ақпараттық технологиялардың адамның физикалық және психологиялық денсаулығына әсері.

Бағыттар бойынша конференция қорытындысы:

Салауатты өмір салтының денсаулықты сақтауға және нығайтуға әсері.

1 орын-Гончарова Елена, жетекшісі Гламаздина Н.П.., "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК;

2 орын-Шишкина Валерия, жетекшісі Бережная Ж. В., "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК;

3 орын-Долгушев Дмитрий, жетекшісі Пикущая А.С., "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК.

Физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері.

1 орын-Болгов Данил, жетекшісі Мұхамедшина О.А., "Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК;

2 орын-Яковлева Екатерина, жетекшісі Власюк С. О., "Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК;

3 орын-Копылов Никита, жетекшісі Цуканова Н.Р.,"Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК;

Химиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.

1 орын-Нажмутдинова Кристина, Хотько Елена, жетекшісі Риттер Е. С.,"Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК;

2 орын-Үсенов Әділхан, жетекшісі Михеева Т.А.,

3 орын-Брагин Дмитрий, жетекшілері Головина С.В., Сосновских Л.П., «Шадринский политехникалық колледжі» МБКББМ,

Климаттық-географиялық факторлардың халықтың денсаулығына әсері.

1 орын-Хропал Максим, жетекшісі Шмальц С. Н., " Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК.;

2 орын – Дуков Владимир, Елеманова Б. С.,"Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі" КМҚК;

3 орын-Плотник Диас, жетекшісі Михайлов с. Ю., Көкшетау қаласының жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың адамның физикалық және психологиялық денсаулығына әсері.

1 орын - Бейсекеев Әбілтай, жетекшісі Жолашканова О. К., «Гуманитарлық-техникалық колледжі» МЕБМ;

2 орын - Батай Аяжан, жетекшісі Г.С. Мұхамеджанова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі;

3 орын - Илиненко Максим, жетекшісі Құсайынова А.З., "Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК.

Конференцияға белсенді қатысқаны үшін жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная